Текст
     
                                
             30.04.2021
                30.04.2021
        Бестөбе кентінің негізгі орта мектебінде 9 сынып оқушыларымен көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында қарағай көшеттері отырғызылды. Мектеп оқушылары ағаштарды бар ынта-жігерімен отырғызып жатты. Бірі күрегін қолына алып, ағаш отырғызса, енді бірі шелегін алып, оған су құйып, қайнаған тіршіліктің үлгісін көрсетті. 
Балапан қарағайлар мектеп айналасын жасыл желекке бөлеп, білім ұясының ажарын тіптен аша түсті.